- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық делегация Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Жамбылдық делегация Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, жамбылдық делегацияның құрамына облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев, Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов енген
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық мемлекеттердің қатысуымен өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форум, соның ішінде Сиәндағы бүгінгі дөңгелек үстел, аймақтар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді және өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», - деді Кәрім Көкірекбаев.
Сөз барысында 2016 жылы бауырлас Тараз қаласы және Чанжи (Үрімші) провинциясы арасында экономиканың түрлі салалары бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы туризм саласына да ерекше тоқталып өтті.
«Сіздердің назарларыңызды зор әлеуетке ие және бизнес дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатын туризм саласына аударғым келеді. Біздің өңіріміздің бай мәдени-тарихи мұралары «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дәйекті дамыту, туристік инфрақұрылымды құру» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Ұлы Жібек Жолы тарих пен мәдениеттің ерекше ескерткіштері орналасқан біздің аймақ арқылы (Сайрам - Тараз - Ақшолақ - Ақыртөбе - Құлан - Мерке - Шу - Аспара - Қордай) өткенін атап өткім келеді, - деді өңір басшысы.
Экономикалық талдау көрсеткендей, 2016 жылы Жамбыл облысының Қытай Халық Республикасымен өзара саудасы 160 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Оның ішінде экспорт - 71 млн., импорт - 89 млн. АҚШ долларына жетті. Облыстың жалпы тауар айналымындағы Қытай үлесі 39,4% құрап отыр.
Еске сала кетсек, өткен жылы облыс басшысы бастаған жамбылдық делегация Қытай Халық Республикасындағы Чанжи провинциясына жұмыс сапарымен барған болатын.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді