- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевқа ҚР Тұңғыш Президенті қорының жұмысы туралы есеп берілді
Н.Назарбаевқа ҚР Тұңғыш Президенті қорының жұмысы туралы есеп берілді
Мемлекет басшысына қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысы мен іске асырған жобалары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.
«Біз биылдан бастап қордың жұмысын біршама өзгерттік. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, «Smart Zholy» және «Method PRO» жобалары әзірленіп, енгізілді. Бүкіл Қазақстан бойынша компьютер бағдарламаларын жасаумен айналыса бастаған дарынды жастар мен олардың өнімдерін тұтынатын еліміздің және шетелдің ірі компанияларымен өзара байланысын орнату – осы жобалардың басты ерекшілігі. Қор ІТ-технологиялар саласындағы кәсіби мамандарға алдағы уақытта да қолдау көрсетуді жоспарлап отыр», – деді Қордың атқарушы директоры Қ.Жұмабаев.
Бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жобалары мен перспективалары жөнінде мәлімделді. Атап айтқанда, оның директоры Е.Салтыбаев институт қызметінің басты бағытының бірі ретінде бүкіл Еуразия өңіріндегі бірегей сараптамалық-талдау орны – Астана клубын дамыту жоспары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті Әлемдік экономика және саясат институтын жүйелі түрде нығайту қажет екенін атап өтті.
«Институт бүгінгі жағдаймен ғана шектеліп қалмауға тиіс. Халықаралық деңгейге шығып, әлемнің жетекші ғалымдарымен кездесулерді жан-жақты жариялап көрсету арқылы жұртшылыққа таныту керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры жұмысының тұжырымдамалық негізіне ерекше тоқталды.
«Біз қордың басты мақсатын айқын ұстануымыз керек. Ол – Қазақстанды халықфаралық деңгейде ілгерілету, еліміздің имиджін жақсарту, дарынды жастарымызға қолдау көрсету және сарапшылар қоғамдастығымен өзара тиімді іс-қимыл орнату. Сондай-ақ, ядролық қарудың таралуына қарсы күрес жүргізу осы қор жұмысының маңызды бағыты болуға тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды