- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ «Экспо-2017» көрмесінің жобалары бойынша білім беру технологияларының сайтын іске қосады
ҚР БҒМ «Экспо-2017» көрмесінің жобалары бойынша білім беру технологияларының сайтын іске қосады
Белгілі болғандай, арнайы топ Жапония, Корея, Швейцария, Финляндия, Израиль және т.б. елдерді ЭКСПО-дағы экспозицияларына зерттеу жүргізді. Оның аясында жаңартылған энергия көздері, ядролық энергия саласындағы зерттемелерге басымдылық берілді.
Б. Әбдірасыловтың айтуынша, арнайы ақпараттық алаң құрылатын болады.
«Бұл негізгі білім беру технологиялары орналастырылатын сайт болуы мүмкін. «ЭКСПО» мұрасын жоғалтып алмауымыз керек», — деді сөз басында Болатбек Әбдірасылов.
Сонымен қатар, спикер бұл порталды ашудағы басты мақсатқа тоқталды.
«Порталдың басты мақсаты — мектеп оқушылары мен білім алып жатқан жастарды бүгінде әлемде қолданыста бар ғылыми жетістіктерге араластыру, тарту. Сонымен қатар Қазақстанда «академиялық еркіндіктің» жаппай енгізілгенін ескере отырып, портал қазақстандық оқытушыларға өздерінің оқыту әдістемелерін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер береді», - деді Б. Әбдірасылов Үкімет сағатында.
Аталған ресурста ғылыми зерттеулерге де, білім беру мақсатында да қызығушылық тудыратын материалдарды топтастыру көзделіп отыр. Бұдан басқа, ол тек мектеп оқушылары, мұғалімдер, студенттер, ЖОО-лардың оқытушылары мен ғалымдарға ғана емес, сондай-ақ қызығушылық танытқан барлық азаматтарға қолжетімді болады.
Сөз соңында Б. Әбдірасылов ендігі Қазақстанның шалғайда орналасқан ауылдарындағы мектептердің де білім беру технологиялары саласындағы жетістіктерге қосылуға мүмкіндіктері болатынын жеткізді.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру