- Басты
- Жаңалықтар
- «Туған жер» аясындағы форум ақтөбеліктердің басын біріктіреді
«Туған жер» аясындағы форум ақтөбеліктердің басын біріктіреді
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов дөңгелек үстелге қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде атқарушы билік, диалог режиміндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің жұмысын реттеу, ғылыми-сараптама қауымдастығымен тұрақты пікір және ақпарат алмасудың маңыздылығын баса айтты.
Ақтөбе облысында бағдарламаны іске асыру барысы туралы әкімдіктің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ермек Тауанов айтып берді.
Филология ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы АМӨУ теория және практикалық тіл білімі кафедрасының доценті Нұрбол Сәдуақас өз сөзінде латын әліпбиіне көшу дер кезінде жүргізіліп жатқанын және дәуірдің жаңа сын-тегеуріндеріне жауап беретінін атап өтті. Бұл ұстаным филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Мировтың сөзінде көрініс тапты.
М. Миров латын графикасына көшу тілдің әлемдік мәдениетке жақындауының алғашқы қадамы екенін баса айтты.
Филология ғылымдарының докторы Сабыржан Мұхтаров әліпбиді реформалау кезінде әлемдік тәжірибені зерттеудің маңыздылығына назар аударды.
Профессор, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаевтың пікірінше, латын әліпбиіне көшу — ұлттың одан әрі дамуы үшін тарихи қадам және Қазақстанның жетістіктерін әлемге тарату және трансляциялау мүмкіндігі.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалды, олар бағдарламаны іске асыруға жауапты мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстың ғылыми-сараптама қауымдастығының, ҮЕҰ және ЖАО-ның 40-тан астам өкілдері қатысты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған