- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-ның аудандарының бірі инфрақұрылымдарын жақсартуда
БҚО-ның аудандарының бірі инфрақұрылымдарын жақсартуда
Зеленов ауданында инфрақұрылымды жақсарту үшін 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді Бүгінде аудан орталығы Переметное ауылында 160 орындық дене шынықтыру жəне сауықтыру кешені салынуда. Бұл нысанның құрылысы мамыр айында басталған, қараша айында аяқталады деп күтілуде. Қазір құрылыс жұмыстарының 86%-ы орындалған.
Сондай-ақ Деркөл өзенінде су бөгетінің құрылысы жүруде. Айта кету керек, бөгет 5 млн.текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік береді. Құрылыс қараша айында аяқталады.
«Өңірлерде инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шаралардың барлығы мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан істер. Қазір Переметное ауылындағы дене шынықтыру жəне сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып қалды. Бұл кешеннің өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді спортқа баулуға зор септігін тигізері анық.
Нысан барлық соңғы талаптарға сай салынуда. Сондай- ақ аудан тұрғындары есептік кездесулер кезінде су бөгеті қажет екендігін айтқан болатын. Бүгін міне, сол бөгет құрылысын көрдік.. Көктем кезінде ауыл тұрғындарына қажетті техникалық суды жинап алуға енді толық мүмкіндік болады. Бөгет жұмысы аяқталса, жиналған суды аудан орталығы мен Полевая, Қаражар, Зеленый ауылдары пайдалана алады», - делінген хабарламада.
"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Дариян ауылында 300 орындық мектеп құрылысы жүруде. Оған қосымша 100 оқушыға арналған интернаты болады. Мектеп пен интернат құрылысына 1 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Оның жартысы түсіп, игерілу үстінде. Бұған қоса Дариян ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Дариян - Кирсанов бағытындағы жұмыстар да бітуге жақын. Екі көпір ғана қалды. Барлығының сапалы əрі уақытылы орындалуын талап ететін боламыз, - деді облыс əкімі.
Бұдан басқа, ауданда сумен қамтамасыз ету нысандары қайта жөнделуде жəне балаларға арналған ойын алаңының құрылысы жүріп жатыр. Атап өтер болсақ, балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысына жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен.
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі -
TrandyGo жобасының авторы: Мақсатымыз - қолөнер шеберлерін бір платформада біріктіру -
«Ауыл» партиясы «Бірлік» партиясымен бірігуден бас тартты -
Пневмония мен коронавирус статистикасы біріктіріліп көрсетіледі -
Асқар Мамин бірінші жартыжылдықты қорытындылады -
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді -
ҰБТ-2020: Бірінші күні 164 түлек тесттен шеттетілді -
А. Мамин: Инвестиция тарту – экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі -
А.Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі