- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысының жұртшылығы латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Атырау облысының жұртшылығы латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Актив барысында белгілі ғылым қайраткерлері мен шығармашылық өкілдері латын қарпіне көшу еліміздің басқа мемлекеттермен байланысын нығайтуда маңызды роль атқаратынын айтты.
«Əліпбидің латын қарпіне көшуі туралы Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында атап көрсетті. Жақында Парламентте ұсынылған латын əліпбиінің жобасын бүкіл ел талқылап жатыр. Бұл ана тілімізді халықаралық деңгейге көтеретін уақыт талабы, жаңа технологиялар мен инновациялар. «Жапония, Қытай секілді елдерде иероглифтермен бірге латын қарпі де қолданылады. Медицина мен басқа да салаларда заманауи терминология латынша жүргізіледі. Қазір кез келген студент пен оқушы латын əрпінде жаза алады. Тілдік ерекшелігімізді сақтай отырып,бірыңғай стандартқа келтіруіміз керек. Латынға көшу əлемдегі қазақтардың бірігуіне жол ашады, қарым-қатынасқа да қолайлы», -деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Абдрахманова.
Жиынға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, аймақтың шығармашылық қауымы латын қарпіне көшу туралы ұсынысты алғашқылардың бірі болып қолдады.
«Мемлекет басшысы айтқандай, латынға көшу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Болашақ ұрпақ үшін мəдениет пен білімнің іргетасын бүгін қалауымыз керек»,-деді облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі