- Басты
- Жаңалықтар
- Біздің міндет Қазақстанның машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру – М.Пшембаев
Біздің міндет Қазақстанның машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру – М.Пшембаев
М. Пшембаев хабарлағандай, Қазақстан машина жасаушыларының V мерейтойлық форумын ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп өткізді.
«2017 жылғы форум жаңа форматта өтуде. Ағымдағы жылы форум аясында 10 секциялық отырыс өтеді, оның ішінде үш секция жаңа секция болып табылады. Біздің дәстүрлы жеті секциямыз мұнай газ машина құрылысы, салааралық өндірістің машина құрылысы технологиясы, автомобиль құрылысы, электр техникалық машина құрылысы, тау-металлургия машина құрылысы, теміржол машина құрылысы, сонымен қатар ағымдағы жылы индустрия 4.0 қосылды», - деді М. Пшембаев.
Басқарма төрағасы атап өткендей, Астанада қыркүйектің 20-21 күндері Қазақстанның V машинажасаушылар форумы өтуде. Әлемнің 20 елінен шетелдік делегаттар келді.
«Форумда отандық машинажасау саласын одан әрі дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөнінде нақты ұсынымдар әзірленетін болады», - деп толықтырды М. Пшембаев.
Оның айтуынша, шараның басты міндеті отандық машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
«Біздің форумымыздың ұраны – жаңғыруды жеделдету, Қазақстанда жоғары технологиялы машина құрылысын жасақтау. Біздің нарық өте тар, алайда біздің көрші елдерге экспорттауға жақсы мүмкіндігіміз бар. Бір сөзбен айтканда Қазақстанның машина құрылысы өнімі Ресей, Қытай, Африка, ТМД мен жақын шетел елдеріне экспортталады. Біздің басты міндетіміз отандық машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру және экспорттайтын елдер нарығын арттыру болып табылады», - деп түйді М. Пшембаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі