- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада шағын және орта бизнес субъектілерінің саны көбейді
Астанада шағын және орта бизнес субъектілерінің саны көбейді
«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері 10% өсіп, 144 мың қатысушыны құрады. ШОБ-те тауарларды шығару 330 млрд. теңгеге немесе 55,8% - ға өсті және ол 800 млрд теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жалпы өңірлік өнімге қосылған құн үлесі 47% - дан 57,4% - ға ұлғайып, 11,4% - ға өсті. Астана әлі де Қазақстан аймақтары арасында көш басында тұр. Оған көрменің өтуі де өз септігін тигізді», - деп түсіндірді Р.Қауғабаева, Астана әкімдігінде өткен баспасөз-конференциясында.
ШОБ субъектілері арасында тамақ өнеркәсібі ерекше рөл атқарады. Бүгінгі таңда елордада 1500 тамақтану нысандары жұмыс істейді. Оған мейрамханалар, кафелер, дәмханалар, сонымен қатар дала фастфудтарын тағы да басқаларын жатқызуға болады.
«Көрмені өткізу кезінде 47 жаңа мейрамхана ашылды. Сонымен қатар ондаған дәмханалар жұмыс істей бастады», - деп ақпараттандырды Р.Қауғабаева.
Айта кету керек, көрменің ашылуы Астана базарларына барушылар санын көбейтіп, саудасын жандандырды.
Мысалы, 2017 жылдың маусым-тамыз айларында базарларға адамдардың келу саны күніне 12-13 мың адамға дейін өскен, ал мереке күндері 15 мың адамға жетті. Бұл 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 2 есе көп (базарларға келу саны орташа есеппен 4 мыңнан 6 мың адам құрайтын).
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы