- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметтің бұйрығымен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды
Үкіметтің бұйрығымен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды
«Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілсін», - делінген қаулының мәтінінде.
«Балапан» бағдарламасы Қазақстанда 2010-жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы жолдауында айтылған тапсырмасына сай дайындалған. Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі 2014-жылға дейін белгіленген. Мемлекеттік бағдарламаның алдына қазақстандық балаларды мектеп алды тәрбиесімен 70% қамту жөніндегі міндеті қойылған болатын.
Бағдарламаға сай, 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру көзделген.
«Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:республикалық бюджет есебінен – 41 млрд. 242 млн. теңге; жергілікті бюджет есебінен – 149 млрд. 294 млн. теңге», - деп көрсетілген бағдарамада.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты