- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитін жаңарту үдерісін бастауға дайын
Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитін жаңарту үдерісін бастауға дайын
«Сириялық реттеудегі қауіпті жағдайды Астана процесі кәдімгідей құтқарып шықты», - деп хабарлады М. Лайчак Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесу барысында.
Словак саясаткері өзінің Бас Ассамблеядағы төрағалық етудің жанжалдардың алдын алу, көші-қон мәселелері және БҰҰ реформасында Бас хатшыны қолдау секілді үш басымдығы –туралы айтты.
ҚР СІМ хабарлағандай, төраға БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға әзірлігін білдірді.
Қ. Әбдірахманов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызда АЭХА Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсімі барысында жариялаған бастамалары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ядролық қару иеленуші елдердің саммитін шақыру, ядролық қарусыз өңірлерге кіретін барлық мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру сөз болды.
Министрдің айтуынша, Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитін жаңарту үдерісін бастап, оның отырысын Астанада өткізуге дайын.
Кездесу барысында БҰҰ-ның Алматыдағы халықаралық өңірлік хабын құрудың практикалық аспектілері талқыланды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 72-ші сессиясының аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының Терроризмге қарсы күрес жөніндегі орынбасары Владимир Воронковпен және қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Исуми Накомитсумен кездесті.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуге дайындық мәнмәтінінде Қ. Әбдірахманов Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мажарстан, Бурунди, Гамбия, Габон және Буркина-Фасо сыртқы істер министрлерімен де екіжақты кездесулер мен консультациялар өткізді.
Өз кезегінде, Африка мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі дамушы әлемнің мүдделерін қозғайтын тармақтарды қарастыруындағы Қазақстанның дәйекті және әділ ұстанымына ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар,Қазақстан тарапы Африка құрлығының өкілдеріне Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру