- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда Қызыбек бидің 350-жылдығына арналған көрме өтті
Қарағандыда Қызыбек бидің 350-жылдығына арналған көрме өтті
Көрменің мақсаты қазақстандық мемлекеттілік және патриоттық сезімді нығайтуғ, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және зерттеу, өңірлердегі мәдени байланыстарды нығайту, музей жинақтары мен музей заттарының халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету, музей ісін кеңейту болып табылады.
Облыс тұрғындары Ұлттық музей қорынан тұратын құнды жәдігерлермен, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен таныса алады. Көрмеде 70-тен астам жәдігер қойылған.
Сонымен, көрмеде б.э.д. V-III ғғ. Алматы облысы, Есік қорғанының жауынгері, Қазақстан Тәуелсіздігінің символы Алтын Адам, коллекционер Азат Әкімбековтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы жауынгер қару-жарақтары, белдік пен республиканың әр түрлі аймақтарында табылған ХІХ-ХХ ғғ. ат әбзелдері көрсетіледі.
Экспозицияның орталық бөлігінде ұлы шешен және қоғам қайраткері «Қаздауысты» Қазыбек бидің шапаны орын алады, бұл экспонатты музейге Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, Қазыбек бидің тікелей алтыншы ұрпағы Алтын Қожахметов тапсырған.
«Қалыпқа келтіруші маман Тұрсынкүл Жайлаубаеваға үш жүз жылдық тарихи бар Қазыбек бидің шапанын қалпына келтіру үшін екі жыл шамасында уақыт қажет болды. Ол алтын және күміс жіптерін Бұхарадан өзі әкелді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Бұдан басқа, Қазақстанның қазіргі заманға танымал суретшілерінің көркем суреттері ұсынылған. Бұл Т.Тоғызбаевтың «Төле би», «Қазыбек би» және «Әйтеке би» триптихтері, А.Сыдыхановтың «Қарасай» ұраны», А.Дүзелхановтың «Алтын адамы», Е.Төлепбайдың «Аңырақай» монументалды және сәндік көрме суреттерінің эскиздері, М.Калимовтың «Абылай хан» портреті және тағы басқа.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті