- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Франция елшісімен және Nokia өкілімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Франция елшісімен және Nokia өкілімен кездесті
Кездесу барысында тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Бұдан өзге, бірқатар екіжақты жобаларды іске асыру нәтижелері және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жоспарлар талқыланды.
Айта кетерлік жайт, Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 130-дан астам кәсіпорын жұмыс жасайды, олардың ішінде: «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» және басқалары бар. Биылғы жылдың 7 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,97 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артық.
Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Nokia компаниясының Еуропа өңірі бойынша аға вице-президенті Маркус Борхертпен кездесу өткізді.
Шара қатысушылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, Nokia компаниясының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жүргізіліп жатқан ҚР экономикасының салаларын цифрландыру жұмыстарына қатысу келешегін талқылады.
Рrimeminister.kz мәліметі бойынша, Nokia Corporation – мобильдік, тиянақталған, кең жолақты және ІР-желілерге арналған телекоммуникациялық жабдықтан тұратын фин трансұлттық компаниясы. Қазіргі таңда Nokia компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – 5G жылжымалы байланысының желілеріне арналған келесі буын стандарттарын әзірлеу және қолданыстағы байланыс операторларының желілерінде оларды тестілеу.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы