- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысы Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшесі болды
Павлодар облысы Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшесі болды
Павлодар облысы әкімдігінен хабарлағандай, Меморандум Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшелерімен бизнес және сауда, мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тарих және ғылым мен техниканы дамыту бойынша ынтымақтастықты көздейді.
Келісімге қол қойылғанна кейін павлодарлық делегация 100 астам ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Шэньси кәсіпкерлері Павлодар облысымен химия, мұнай-химия, көмір және өндірістік қалдықтарды өңдеу салаларында ынтымақтастықта болуға қызығушылық танытты. Шэньси провинциясының сауда-саттық басқармасының бастығы Джао Джуньминь Ертіс өңірінің өндірістік базасын ерекше атап өтті.
«Сонымен қатар, Қытайда павлодарлық азық-түлік өнімдері жоғары сұранысқа ие. Мен ауыл шаруашылығында жемісті ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп сенемін», - деді Шэньси провинциясының сауда-саттық басқармасының бастығы Джао Джуньминь.
Өз кезегінде, Болат Бақауов Чаньань қаласында (қазіргі Сиань) болған Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастықты атап өтті.
«Бүгін біз Тайюань қаласынан Сиань қаласына дейін теміржол арқылы жоғары жылдамдықпен жүретін бірегей пойызбен барып, өзімізді Жаңа Жібек жолының қатысушылары ретінде сезіндік. Қытай үкіметі көмірді қайта өңдеу жобаларын қолдайтынын және көмір өндіретін негізгі өңірлерде отандық технологияларды қолданатынын білеміз. Қазіргі уақытта әлемдегі экономикалық дағдарыс кезеңінде бір-біріне экономикалық қолдау көрсету өте маңызды. Павлодар облысы мен Қытай арасындағы өзара сауда, тауар айналымының статистикасы тұрақты өсу үстінде, жылына 500 миллион доллардан асады. Соңғы үш жылда өзара тауар айналымының көлемі екі есеге артты» , – деді Болат Бақауов.
Сөз соңында аймақ басшысы қытай инвесторларымен бірнеше мәрте кездесу өткізген ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін Павлодар облысы мен Қытай өңірінің экономикалық қарым-қатынасы нығая түсетіндігін тілге тиек етті.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда