- Басты
- Жаңалықтар
- EROPA Азиялық көшбасшылар форумында мемлекеттік басқарудағы инновациялар талқыланды
EROPA Азиялық көшбасшылар форумында мемлекеттік басқарудағы инновациялар талқыланды
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқару комитеті төрағасы Алихан Байменов аймақ елдерінің мемлекеттік қызметті жетілдірудегі жетістіктеріне тоқтала отырып, тиімділігін әрі қарай арттыру бағыттарын көрсетті.
«Біріншіден, бұл – құндылықтар. Екіншіден, ортақ мақсатқа арналған адамдар әлеуетін барынша пайдалану мен дамытуға жағдай жасайтын орта. Үшіншіден, жүйелер мен ұйымдардың бейімделгіштігі мен икемділігі. Төртіншіден, көлденең коммуникацияларды жақсарту. Бесіншіден, өкілеттіліктер, жауапкершіліктер мен ресурстардың тік және көлденең тепе-теңдігін сақтау. Алтыншыдан, бұл – өз ұйымдарының міндеттерін жоғары деңгейдегі – қоғам, ел және Тұрақты даму мақсаттарымен үйлестіруге мүмкіндік беретін көшбасшылық», - деді Байменов.
Сонымен қатар, ол аймақтық және ғаламдық ынтымақтастықтың мемлекеттік қызметті дамытудағы рөліне Қазақстан үкіметінің бастамасы – Астана хабы мысалында тоқталды.
Конференция ауқымында Корея Республикасының персоналды басқару Министрі Пан Сук Ким Алихан Байменовпен кездесуінде Хабпен ынтымақтастықтың маңызы мен тиімділігін атап өтті. Хабтың басқару комитет төрағасы Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының мемлекеттік қызметті реформалау бөлімі басшысы Эдвин Лаумен де кездесіп, тараптар мемлекеттік басқару саласындағы бірлескен зерттеулер барысын талқылады.
EROPA – Азия-Тынық мұхиты аймағының он қатысушы мемлекетін, 95 ұйым мен топтар, 600-ға жуық жеке қатысушыларды мемлекеттік басқаруды дамыту бойынша ортақ мақсатқа жұмылдыратын халықаралық қауымдастық.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит