• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында 2014-2018 жылдары Индустрияландыру картасының 10 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Қызылорда облысында 2014-2018 жылдары Индустрияландыру картасының 10 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

9 Қаңтар, 2014 12:20
Қызылорда облысында 2014-2018 жылдары Индустрияландыру картасының 10 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

«Қызылорда облысында 2014-2018 жылдары Индустрияландыру картасының 10 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 1881 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 2010-2014 жылдары аралығында жоспарланған 23 жобаның бүгінге дейін 799 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 14-і іске асырылды», - делінген акиматта.

Жалпы, 2013 жылдың екінші жартыжылдығын өзектендіру  қорытындсы бойынша, Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында облыста 151,7 млрд теңгелік 24 жоба жүзеге асырылды.

«Соның ішінде «Әйнек зауыты құрылысы» жобасының құны 18,8 млрд теңге. Бұл жоба жоғарғы технологиялар мен экспортқа бағытталған өнімді шығарудың арқасында өндіріс саласы мен өңірдің экономикасының алға басуына көп көмегін тигізді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2013 жылдың 20 желтоқсанында Индустриядландыру күніне орай ұйымдастырылған жалпыхалықтық телекөпір аясында 18,5 мВт-тық қуаты бар 4,3 млрд теңгенің «СКЗ-U» энергетика кешені әйнек зауыты жобасының екінші кезеңі іске қосылды.

2013 жылдың екінші жартыжылдығын актуальдандыру картасы қорытындысы бойынша Қызылорда облысы жобаларды енгізу бойынша елімізде өңірлер арасында алғашқы бестікке кірді.

Барлық жаңалықтар