- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеті Қазақстан мен Сербия келісімін ратификациялау туралы заң жобасын қарады
Сенат комитеті Қазақстан мен Сербия келісімін ратификациялау туралы заң жобасын қарады
Баспасөз қзыметінің хабарлауынша, сенаторлар Қазақстан мен Сербия арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты шартты ратификациялау туралы мәселені қарады. Бұл құжат екі мемлекет арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық тетіктерін егжей-тегейлі реттейді. Иммунитет, банк есеп-шоттары мен қаржы-қаражат ақпаратын айқындау, заттар мен құжаттарды қайтару, ақпараттарды, шығыстарды ерікті түрде беру, сотталғандығы туралы ақпаратты алмасу, құжаттар мен материалдарды заңдастырудан босату мәселелеріне жекелеген ережелер арналып отыр. Қарауға ұсынылған Қазақстан мен Сербия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт қылмыстық іздестіруден жасырынып жүрген, сондай-ақ жазадан жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша екі елдің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін реттейді.
Комитет отырысында сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарт та ұсынылды. Құжат сотталған адамдарды оңалтуға және әлеуметтік ортаға қайта оралуға жәрдемдесу мақсатында оларды беру саласындағы ынтымақтастықты орнатуға, сондай-ақ сотталған адамдарға өзінің елінде жазасын өтеуге мүмкіндік жасауға бағытталған.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция