- Басты
- Жаңалықтар
- 21 608 жамбылдық жұмыспен қамтылды
21 608 жамбылдық жұмыспен қамтылды
Жомарт Әмірхановтың сөзіне сүйенсек, есепті кезеңде әлеуметтік көрсеткіштердің оң динамикасы байқалды. Кедейшілік шегінен төмен тұратын халық үлесі 2017 жылдың 1 қыркүйегіне өткен жылғы тиісті кезеңдегі 0,2 пайызға қарсы 0,1 пайызды құрады. Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыс жалғасуда. Есепті кезең ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 21608 адам қамтылды.
«Нәтижесінде ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың 1 қыркүйегіне 1,6 пайызды құрады. 2017 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға бюджеттен 98,2 млрд. теңге, оның ішінде білім беру жүйесіндегі нысандарды дамытуға 6,2 млрд. теңге (Ұлттық қордан – 2,4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 0,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд. теңге (қосымша қаржыландыру) қарастырылған», - деді спикер.
Бұл қаражат есебінен 2017 жылы 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 10 мектептің құрылысы жалғасуда, оның ішінде ағымдағы жылдың сонына 1 мектептің құрылысы аяқталады.
2017 жылдың 1 тамызына облыстағы 457 мектепке дейінгі ұйымдарда (306 балабақша, 151 шағын орталықтар) 48,4 мың бала немесе 58,1% (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 пайыздық тармаққа артық.
«Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 24,0 млрд. теңге қарастырылған (бұл 2016 жылмен салыстырғанда 39,3%-ға кем), оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 18,0 млрд. теңге, денсаулық сақтау жүйесіндегі нысандарды дамытуға - 1,0 млрд. тенге», - деді экономика басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей, 2017 жылдың 1 қыркүйегіне 2 фельдшерлік-акушерлік пункттердің,4 дәрігерлік амбулаториялардың кұрылысы, сондай-ақ Шу қалалық ауруханасының қазандығын қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің, 4 дәрігерлік амбулаториялардың және дәрігерлік пункттің құрылысы, сондай-ақ Тараз қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасына заласыздандыру камерасы ғимаратының құрылысы жалғасуда.
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы