- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды
Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды
Көшпелі отырысқа Алматы облысының басшылары, қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Т. Мұхтаров, ҰҚК Төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Д. Ділманов және әлеуетті мекемелердің әскери қызметкерлері қатысты.
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары еліміздің Қорғаныс министрлігі Жаяу әскерлер әскери институтында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.
Сенаторлар курсанттардың жауынгерлік және жедел даярлығының жоғары деңгейін атап өтті. Депутаттар кездесу аясында білім беру мекемелерінің оқыту әдістері мен оқу-материалдық базасымен танысты, оқу сыныптарын, спорт залы мен жатақханасын көрді. Парламетшілер Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталында да болды. Комитет мүшелері сол күні еліміздің Ішкі істер министрлігінің Арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығында да болды.
Әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлауға арналған орталықтың инфрақұрылымы таныстырылып, жауынгерлік-қызметтік міндеттерді орындау жөніндегі жаттығулар да көрсетілді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы