- Басты
- Жаңалықтар
- Қырғызстан Н.Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін қолдайды – Ө.Бабанов
Қырғызстан Н.Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін қолдайды – Ө.Бабанов
Мемлекет басшысы кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтіп, бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттігі жөнінде айтты.
«Қазір Қырғызстан ел Президентін сайлау науқаны алдында тұр. Бұл – кез-келген мемлекет үшін аса маңызды кезең. Мен Қырғызстанның тәуелсіздік алғаннан бергі барлық президенттерімен жемісті жұмыс жасауға тырыстым. Қырғыз халқы сенім білдіріп, жаңадан сайлайтын келесі президентпен де өзара тиімді іс-қимыл қалыптастыратын боламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының арасындағы бірлік пен достықтың маңыздылығына назар аударды.
«Арамызда бөліске түсетін ештеңе жоқ. Біз бауырлас қырғыз халқына әрдайым қолдау көрсетіп келеміз және оған алдағы уақытта да көмек беруге әзірміз. Бұл – көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастыққа қатысты мәселе», – деді Қазақстан Президенті.
Ө.Бабанов қырғыз халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, оны қолдайтынын атап өтті.
«Мен Қырғызстанның Премьер-Министрі қызметінде болған кезде елдеріңіз бізге тұрақты түрде жан-жақты қолдау көрсетті. Біз бауырлас Қазақстан халқының барлық жетістіктеріне қуанамыз», – деді Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды