- Басты
- Елорда көшелеріндегі қылмыс саны 19%-ға төмендеді
Елорда көшелеріндегі қылмыс саны 19%-ға төмендеді

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және өткізу кезінде жергілікті полиция қызметінің күші қоғамдық тәртіп, жол және азаматтардың, көрмеге қатысушылар мен қонақтардың жеке қауіпсіздігіне бағытталды. Сондай-ақ, жеке құрам үлгілі қоғамдық тәртіпті тәуліктік қамтамасыз етуге бағытталды. Жалпы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 9 мыңға жуық қызметкер, соның ішінде 4 мыңнан астамы көрме аумағына тартылды. Көрме аумағына 3,5 мыңнан астам, ал жалпы қала аумғында 2,5 мыңнан астам іс-шаралар өткізу кезінде қажетті қауіпсіздік пен тәртіп қамтамасыз етілді», - деп хабарлады Б.Майлыбаев.
Ол атап өткендей, іс-шараларды өткізу және жалпы тұрғылықты орындарда, полиция жасақтарын орналастыру, ІІД ЖБО бейнебақылау камераларын бағыттау және азаматтардан келіп түскен шақыртуларға жедел әрекет ету арқылы жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды.
«Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, көңіл көтеру орындары, саябақ, гүл бақтарында полиция және әскери жасақтарының қосымша күш-құралдарын орналастыру арқылы қауіпсізідікке ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараларға дайындық кезінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстың деңгейін төмендетуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен есепте тұрған тұлғалар, қару иелері, бейәлеуметтік бағыттағы тұлғаларды анықтау үшін аула және пәтерлерді аралау арқылы жұмыстар күшейтілді және бұл жұмыс жалғасуда. Осы атқарылған шаралар нәтижесінде қылмыс саны көшелерде -19% және қоғамдық орындарда -2,2% төмендеді», - деп түйді полиция подполковнигі Б.Майлыбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды
-
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек
-
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер
-
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті

