- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың ІІД ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асырған жұмыстары туралы хабарлады
Астананың ІІД ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жүзеге асырған жұмыстары туралы хабарлады
«Көрме аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 5 мыңға жуық: полицейлер, ІІМ Ұлттық ұланы және Қорғаныс министрлігінің әскерилері, Қазақстан Республикасы арнайы қызметтері, 500-ден астам ІІМ оқу орындарының курсаннтары мен офиерлері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, 900-ге жуық жекеменшік күзет ұйымдары жұмыскерлері және шет тілін меңгерген 200 ерікті ат салысты. Осындай мемлекетіміз үшін маңызды іс-шара кезінде полиция қызметкерлері қауіпсіздікті жіті бақылап, көрме қонақтары мен қатысушылырының жайлылығын қамтамасыз етуде қажетті жағдай жасады», - деді Т. Қазымбаев.
Подполковник атап өткендей, жоғары деңгейдегі іс-шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заманауи қауіп пен қатер ескерілді.
«Халықаралық тәжірибелер мен жаңа технологиялар қолданылды. Мәселен, халық көп жиналатын жерлерде бейне бақылау жүйесінің желілерін кеңейту жұмыстары жүргізілді. Көрмеге кіретін орындарда бет-әлпетті танып, талдайтын бейне сараптамалық жүйелер қолданылды. Құқық қорғау органдарының арнайы мәліметтер базасын пайдалану арқылы келушілердің құжаттары тіркеліп отырды. Өзін өзі ұстау, іс-қимылын талдау арқылы күмән тудыратын тұлғаларды танитын профайлер мамандары жұмыс жасады. Маңызды іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізбес бұрын Астана қаласы ІІД аталмыш сипаттағы көрме ұйымдастырған шет елдердің халықаралық тәжірибесін талдады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысқан басқа да құрылымдар арасында есепте тұрған тұлғалар жөніндегі мәліметтер алмасу жөнінде өзара тығыз байланыс орнады», - деді Т. Қазымбаев.
Сонымен қатар, ол ЭКСПО көрмесіне дайындалу мәселесіне орай жиындар өткізіліп, басқа аймақтар да жұмылдырылылғанын тілге тиек етті.
Елорда халқының санының өсуіне байланысты және ішкі-сыртқы көші-қон деңгейінің жоғары болуын назарға ала отырып, Ішкі істер органдары бөліністерін кадрлық нығайтуына және оларды оқытуға көңіл бөлінді. Сонымен қатар, олардың материалды-техникалық жабдықтауы бойынша жағдай жасалды.
«ЭКСПО аумағында Полиция бөлімі, көрме аумағында өрт Депосы, сондай-ақ Астана қаласының әуежайында және жаңа теміржол вокзалында желілік полиция бөлімдері салынған. Терроризм және экстремизмнің қауіп-қатерлерін болдырмау үшін ЭКСПО 32 объектісіне террористік тұрғыдан осал объектілер деген мәртебе берілді», - деді ол.
Спикердің айтуынша, ЭКСПО көрмесі ашылғаннан бері ПҰА рұқсатсыз жіберудің 50-ден аса фактісі тіркелді.
«ЭКСПО көрмесінің аумағында пилотсыз ұшу аппараттарының 3 км радиуспен (көрме кешенінің орталығынан) биіктігі 3 мың метрге дейін ұшуына шектеу қойылды. Рұқсат етілмеген ұшуларды бақылау және мониторинг жүргізу үшін ПҰА басқару дабылының радиоэлектронды басылуы үшін арнайы құрал-жабдық қолданылды, олардың жолын кесу бойынша тиісті әрекет ету алгоритмі жасалды, ҚМ әскери қызметшілерімен бірлесіп, ІІО қызметкерлерінің әуеден бақылау мобильді топтары құрылды. Осылайша, құқық қорғау және арнайы органдардың көрме басталғанға дейінгі және көрме кезіндегі қарқынды жұмысы қылмыс деңгейінің төмендеуіне және Астананы ең қауіпсіз қала деп тануына мүмкіндік жасады», - деп түйіндеді Т.Қазымбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары