- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 жаңа технологиялары қалай қолданылады
ЭКСПО-2017 жаңа технологиялары қалай қолданылады
«Министрлікте Қазақстан Республикасында ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу бойынша Сарапшылар жұмыс тобы құрылды. Биылғы жылдың 11-14 маусымында Сарапшылар жұмыс тобы ЭКСПО-2017 көрмесіне барып, халықаралық павильондардағы жаңа технологияларға мониторинг жүргізіп, Австрия, Германия, Нидерланды, Испания, Англия, Ресей, Канада, Венгрия, Финляндия сияқты және т.б. елдердің технологиялар тізімін ұсынды», - деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, барлық технологиялар мұнай және газ, көмір өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, электр энергетикасы, энергия үнемдеу, қалдықтарды басқару, су тазарту, жаңғыртылатын энергия, ауа сапасына бақылау жасау т.б. бағыттар бойынша іріктелді.
Бүгінде аталған технологиялар бойынша компаниялар мен әкімдіктердің қызығушылықтар білдіріп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Айта кетер болсақ, «Самұрық-Энерго» АҚ - 16 технология; «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ - 4 технология; «ҚазТрансОйл» АҚ - 3 технология; «Біріккен химия компаниясы» ЖШС компаниялары - 3 технология; «ҚазМұнайГазөнімдері» ЖШС - 3 технология; «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС - 4 технология; «Екібастұз ГРЭС-2» станциясы» АҚ - 4 технология; «Павлодарэнерго» АҚ - 2 технология; «Қазауылэнергожоба» ЖШС – 3 технология; ERG ЖШС -1 технология; «Назарбаев Университеті» АБН - 6 технология; Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті – енгізу үшін 8 технология; Қостанай облысының әкімдігі – 4 технология; Ақтөбе облысының әкімдігі – 8 технология.
«Биылғы жылдың 12 қыркүйегінде компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен кеңес өтіп, онда іріктелген технологияларды енгізу тетіктері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша министрлік нақты тапсырмалар берді, олардың ішінде бар: компаниялардың ғылыми-техникалық кеңестері технологиялар тізімін қарап, енгізу үшін іріктелген технологияларды бекітуі; әрбір іріктелген технологияны енгізу бойынша жол картасын әзірлеу; өз кәсіпорындарында технологияларды енгізу мәселесі бойынша компания басшылығы деңгейінде жауапты тұлғаларды бекіту бар», - деді Ерлан Сағадиев.
Кайрат Жандыбаев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады