- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте Көші-қон саясаты тұжырымдамасы таныстырылды
Үкіметте Көші-қон саясаты тұжырымдамасы таныстырылды
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын» таныстырды.
«Тұжырымдамада жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жандарды қайта оқыту мен әрі қарай біліктілігін көтеру арқылы жұмыспен қамтуға көңіл аударылып отыр. Құжатта сыртқы көші-қон стратегиясын қалыптастыруда отандастарымыздың мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлінген: жеңілдетілген тәртіп білім деңгейі қазақстандық кадрлардан жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартуға рұқсат алуға ғана қатысты енгізілген», деді сөз басында Т.Дүйсенова.
Ведомство басшысының айтуынша, 2017 жылдан бастап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен, рұқсат беру кезінде жергілікті атқарушы органдар белгілейтін саналуан ерекше жағдайлардың орнына ақылы тәсіл енгізілді.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар берген 4,5 млрд теңгеден астам сомадағы 11 мыңнан астам ақылы рұқсаттың қаржысы ұлттық кадрларды оқытуға бағыттала алады.
«Көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісі қолданылатын Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесін арқау ететін болады. Бұл дегеніңіз, білікті мамандарды экономиканың инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Мұндай саясаттың тиімділі сол, нарық жағдайында қажетті «қауіпсіздік жастығы» қалыптасады. Сондай-ақ, Тұжырымдама көрсетілген кез-келген мәселеде ұлт қауіпсіздігіне ерекше ден қойылып, белгілі бір тәуекелдерге дайын күйде боламыз»,- деді Т.Дүйсенова.
Оның айтуынша, тұжырымда жобасында бесінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Елбасы тапсырған міндеттерді жүзеге асырудың жоспары да орын тапқан.
«Мәселен, шетелде тұратын қандастарымызбен байланысты жандандыру үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен етене жұмыс жасау көзделіп отыр. Бүкіл әлем бойынша этникалық қазақтар сапынан жоғары білікті мамандарды тартуда жүйелі іс-қимыл атқару үшін дербес электронды деректер қоры жасақталады», - деді министр.
Бұдан басқа, солтүстік өңірлердегі қоныс аударушыларды бейімдеуде орталықтар құру немесе қазіргі қолданыстағы жұмыспен қамту орталықтарының ауқымын кеңейту ұсынылды. Аталмыш орталықтар оралмандар мен ішкі көші-қон қатысушыларына бірдей «ортақ терезе» түрінде жұмыс істейтін болады
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі таныстырылды.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
Ғылым саясатының жағдайы қалай -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады» -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
ҚКХ партиясы үкіметтен несие рақымшылығын жасауды талап етті -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
«Жұмсақ күш» саясаты: ұлттық қауіпсіздік пен мүмкіндіктер