- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында құтқарушылар арасында жарыстар өтуде (ФОТО)
Алматы облысында құтқарушылар арасында жарыстар өтуде (ФОТО)
ҚР ІІМ ТЖ комитеті хабарлағандай, бүгінде құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын орындау бойынша көріністер көрсетті. Бұдан басқа оқу-жаттықтыру полигонында құтқару техникасының, шағын механикаландыру құралдарының, жабдықтар мен жарақтардың жаңа үлгілері көрмесі өткізілді.
Қазқұтқару-2017 ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті құтқару бөлімшелерінің 14 командасы қатысады, бұл Республикалық жедел-құтқару жасағы, Өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ТЖД Жедел-құтқару жасақтары.
Республикалық жиын-семинардың бірінші күні командалар орташа қиылысқан жердегі эстафета (кросс)» қашықтығындағы құтқару көпсайысында жарысты. Нәтижесінде Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы бірінші орынға ие болды, Республикалық жедел-құтқару жасағы екінші орынды иеленді, үшінші орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы.
«Жарыстың алдағы күндері құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілері бар қашықтықтан өтуі, шартты зардап шеккен адамды іздестіру бойынша арнайы тапсырманы орындауы, оларды авариялық-құтқару құрал-саймандары мен штаттық жарақтарды пайдалану арқылы босатуы, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуі және тасымалдауы, кіріспе, табиғи және жасанды кедергілерден өтуі, кермеде күштік жаттығулар жасауы, қиылысқан жерден жүгіріп өтуі қажет», - деп хабарлады ТЖК.
Қазқұтқару-2017 мақсаты ҚР Ішкі істер министрлігі құтқару бөлімшелерінің авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту және жетілдіру,авариялық-құтқару құрал-саймандары мен техниканы пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, авариялық-құтқару қызметтері құрамаларының іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудегі өзара іс-қимылдарын пысықтау және тәжірибе алмасу, құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру болып табылады.
«Жартасты қала – Астана» оқу-жаттықтыру полигоны – бұл құтқару жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге бейімделген ТМД-дағы әмбебап жалғыз полигон. Бұл жерде 20 мыңнан астам құтқарушы даярлықтан өтті, кинологиялық қызметтер жыл сайынғы сертификаттарын алады, сүңгуірлер мен альпинистер өздерінің шеберліктерін шыңдайды, құтқару авиациясы пилоттау дағдыларын пысықтайды, еліміздің өңірлерінен келген құтқарушылар пайдалы ақпарат алмасады, жұмыс тәжірибелерімен және құтқару технологияларымен бөліседі.
Комитеттен атап өткендек, Алматы облысындағы жиын-семинар 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері