Батыс Қазақстан облысында ат қора салынды

9 Қаңтар, 2014 11:50
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында «Тұлпар» ат қорасы ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ат қора салу туралы бастама аудандық әкімдік тарапынан қолдау тапты. Ат қорадағы нұсқаушылардың көмегімен балалар да, ересектер де атқа міну тәртібін үйрене алады. Онда менеджерлер, нұсқаушылар (қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша) мен жұмыскерлер бар. Алдағы уақытта дәмхана да ашу көзделген», - делінген хабарламада.

Ат қора құрылтайшыларының бірі Құлмұхамбет Шектебаевтың айтуынша, ат-спорт мектебінің басым бағыттарының бірі ЖКО жәбірленуші балалармен айналысу болып табылады.

«Мұндай науқас балалар үшін арнайы атқа міну сабақтары ұйымдастырылады. Біз бұл мәселені  аудандық аурухана дәрігерлерімен ақылдасып қолға алдық. Олар біздің бұл бастамамызды толықтай қолдап отыр», - дейді Қ.Шектебаев.

Барлық жаңалықтар