- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексті таныстырды
ҚР ИДМ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексті таныстырды
«Кодекс жобасы, ең үздік дүниежүзілік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбалар үшін келісімшарттарды жасасудың оңайлатылған әдісін және CRIRSCO пайдалы қазбалар қорлары бойынша есеп стандарттарының халықаралық жүйесін енгізуді көздейтін. Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді», - деді сөз басында бірінші вице-министр.
Сонымен қатар, ол кодекстің негізгі мақсаттарына тоқталды.
«Кодекс жобасында юниорлық компаниялар нарығын дамыту және пайда болу жағдайларын жасау мақсатында келесілер көзделді: геологиялық ақпараттың қолжетімділігі, жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүзеге асыру үшін лицензиялық тәртіпке ауыстыру, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің бірінші өтінім қағидасы бойынша яғни бірнеше күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру; жылдам барлауды ынталандыру үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын жаппай бақылаудан экономикалық механизмдерге ауысу (жыл сайынғы өсуші жалгерлік ақылар, пысықталған аумақтарды қайтару және қаржылық шығындар бойынша талаптар)», - деді Алик Айдарбаев.
Оның айтуныша, Кодекс жобасы жер қойнауын пайдалану нәтижесінен қазіргі жою тәжірибесін енгізу, экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздіктері бойынша талаптарды күшейтуді көздейді.
«Кодекс жобасында бағалы металдардың шағын шашыранды кен орындарын игеру үшін ұмтылу институты енгізіледі. Мұның барлығы жаңа жұмыс орындарының, өнімдердің пайда болуына, салық түсімдерінің артуына, жекелеген аймақтардың дамуына ықпалын тигізеді. Осы принцип шеңберінде барлық пайдалы қазбалар түрлері бойынша жер қойнау учаскелерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензиялар және бағдарламалар енгізіледі. Барлауға арналған лицензия бойынша барынша көп аумақ 200-ге дейін блоктарды құрайды ( 400 ш. км). Барлау мерзімі, ұзарту мүмкіндігімен 6 жылды құрайды. Сонымен бірге, 1 блокқа арналған шығыстар бойынша минималды талаптарды орындау және жыл сайынғы прогрессивті жалдамалық ақыны төлеу бойынша жер қойнауын пайдаланушыға түсінікті және толық міндеттемелер ұсынылады», - деп бөлісті Алик Айдарбаев.
Бірінші вице министрдің айтуынша, өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру австралиялық үлгіге ауысуды жүзеге асыру ұсынылды. Өндіру мерзімі ұзарту мүмкіндігімен кен орындары үшін 25 жылды құрайды.
«Ғылыми зерттеу тәжірибелі конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар, кадрларды оқыту, белгіленген жалдамалық ақыны төлеу, белгіленген минималды шағыстарды орындау үшін жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері бекітіледі. Мұндайда өндіру көлемі реттелмейді, кен өндіру жобасы экологиялық сараптамаға тиесілі болады және оны жер қойнауын пайдаланушы тікелей бекітеді. Мұның барлығы қазіргі қолданыстағысымен салыстырғанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мерзімдерді 180 есеге қысқартуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Жалпы, келесі ерекшеліктерді ескерумен жер қойнауын пайдалану саласында құқықтарды беруде рұқсаттар берудің рұқсатнамалық тәртібі сақталады: рұқсат беру тәртібі иеліктен шығару немесе бақылауды ауыстыруға әкеп соқтыратын, мәмілеге қатысты қолданылады. Бақылау шегі –25% иелену (пайда). Басым құқығы қасқартылады, мәмілені блокадалау құқығына қарап қажеттілігі жоқ.
Бұдан басқа, спикер Кодекс жобасы қандай міндеттерді шешуге бағытталғанын атап көрсетті.
«Әлемдік мұнай бағасының түсуі жағдайында Қазақстанның мұнайгаз секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру; саланы оның өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықты жұмыспен қамтуға үлесін ескерумен тұрақты даму үшін жағдайларды қамтамасыз ету; жер қойнауларын тиімді пайдалану үшін, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеу мен бақылаудың барабар дәрежесін сақтап қалу; құқықтық реттеудің болжамдылығы мен тұрақтылығын арттыру», - деді ол.
Сөз соңында бірінші вице министр Кодекс жобасы әлемдегі ең үздік тәжірибеге сәйкес келетінін ескере отырып, оның Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық климатты жақсартуға ықпалын тигізетінін атап өтті.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады