- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда қоқыс өңдеу зауыты іске қосылды
Талдықорғанда қоқыс өңдеу зауыты іске қосылды
Бұл - облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өңдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында жалпы құны 1400,0 млн. теңге болатын қоқыс өңдеу зауыты құрылысының бірінші кезеңі.
«ADAL DAMU Capital» ЖШС басшысы, қоқыс өңдеу зауытының директоры Ерлан Дүйсенбаевтың айтуынша, қазіргі кезде өндірістік қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын қоқыс өңдеу желісі іске қосылды. Сол сияқты қайталама шикізаттан дайын өнім шығаратын цех пайдалануға берілді.
«Кәсіпорын пластик пен пленкадан түйіршіктер, полимерлі-құмды төсемелер шығаруды бастады. Жұмыртқа лотоктарын шығаратын арнайы құрылғылар әкелініп, орнатылуға дайын тұр. Жобаны жүзеге асырудың екінші, үшінші кезеңдерінде биогаз бен биошірінділер шығару жоспарланған. Осы мақсатта верми- және биогаздар кешенінің құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр», - деп толықтырды ол.
Бүгінде кәсіпорында 20 адам еңбек етеді, ал жоба толық жүзеге асқан уақытта 170 жұмыс орны құрылады деп межеленген.
Зауыттың ашылуымен қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов құттықтап, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өңдеу мәселелерін шешудегі бұл жобаның маңыздылығына тоқталды.
Еске салсақ, қоқыс өңдеу зауытының құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Кәсіпорын Өтенай ауылдық округінде, «Талдықорған - Үштөбе» трассасының 10-шақырымында орналасқан.
Бұл инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуы мен жыл сайын 100 мың тонна қалдықты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде полигонның жүктемесін қысқартып, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтатын болады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы