- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның негізгі капиталына инвестиция көлемі 4,8 трлн теңгеден асып жығылды
Қазақстанның негізгі капиталына инвестиция көлемі 4,8 трлн теңгеден асып жығылды
«Ішкі сұраныс негізгі капиталға инвестициялаудың артуымен қатағаттандырылды, ол ағымдағы жылдың сегіз айында 3,4% құрап, 4,8 трлн теңгеден асып жығылды. Инвестициялардың артуына «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары септігін тигізуде. Инвестиция көлемі сауда (9,0%), көлік (5,9%) пен өндіріс (5,1%) салаларында айтарлықтай артқан. Бұл салалар жалпы инвестиция көлемінің 73,7% қамтамасыз етуде», - деді Р. Дәленов.
Вице-министр хабарлағандай, Қазақстанның қаржы нарығында жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалып отыр. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша кредиттер жыл басымен салыстырғанда 0,7%-ға өсіп 12,8 трлн теңгені құрады. Алайда, пайыз мөлшерлемесінің жоғары болуы (14,6%) кредиттерді экономикаға инвестициялау үшін әлі де болса қиындатып отыр.
«Бұл конъюнктуралы түрде ҰБ тарапынан расталып отыр, олар ағымдағы жылдың 2-тоқсанында кәсіпорындардың айналымдық және негізгі құралдарын кредиттеудің бағалық (мөлшерлеме және комиссия) және бағалық емес (мөлшері, мерзімі, кепілдік, қарыз алушының қаржылық жағдайы) шарттары болмашы ғана нашарлағанын атап өтті. Сонымен қатар инфляциялық процестердің баяулауы аясында ҰБ базалық мөлшелемесі біртіндеп төмендеуде, ал жыл басынан 1,75 пайыздық тармаққа төмендеумен бүгінгі күні 10,25% құрап отыр. Бұл кредиттерді қоса алғанда, ақша нарығындағы мөлшерлеменің төмендеуіне ықпал етуге тиіс. Біз экономиканы кредиттеуді жандандыруға Ұлттық Банк Қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп қаржы секторын сауықтыру жөніндегі шараларды іске асыруы әсер етеді деп есептейміз», - деп атап өтті Р.Дәленов.
Оның айтуынша, сыртқы сұранысты қалпына келтіру сыртқы тауар нарықтарындағы белсенділіктің артуының нәтижесінде мүмкін болды, осылайша экспорт (35,3% дейін26,9 млрд доллар) импорттан (20,1% дейін 16,0 млрд доллар) асып жығылды. Нәтижесінде, сауда балансы 7 айда 65,9%-ға 11,0 млрд долларға дейін артты.
«Сонымен, ферроқорытпаның экспорты 84,5%-ға арты, бұдан басқа қанттан жасалған кондитерлік өнімдер мен күріштің экспорты өсті. Теңгенің айырбас бағамының салыстырмалы түрде тұрақтауы аясында жыл басынан бері алтын-валюта қорының 11,6 пайызға, 32,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайғанын ескере отырып, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері 90,9 млрд АҚШ долларына дейін жетті (жыл басынан өсу 0,1% құрады)», - деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, алдын-ала болжам бойынша Қазақстанның әлеуметтік экономикалық даму өсімінің жылдамдығы ағымдағы жылдың 8 айында 4,3%-ға артты.
Қайрат Жандыбаев
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді