- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша гранттар саны арттырылады
ОҚО-да «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша гранттар саны арттырылады
Соңғы үш жылда «Серпін-2050» бағдарламасымен бөлінген 11 296 гранттың 5516-сын яғни 50 пайызын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иемденген. Десек те, жобаға қатысуға ниетті жастардың саны жылдан-жылға артып келеді. Осыған байланысты жобаға бөлінетін грант санын кемінде 5 мыңға көбейту көзделіп отыр.
Елімізде жастардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған «Серпін-2050» жобасы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаның мақсаты - жастарды халқы аз қоныстанған және еңбек күшін қажет ететін солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына орналастыру және жұмыспен қамту. Жалпы жобаға 14 облыс қатысса, оның ішінде 9-ы қабылдаушы, ал, 5-уі жіберуші өңір.
«Жобаға еліміздегі 133 жоғары оқу орындарының арасынан 25 жоғары оқу орындарында педагогикалық 15 мамандық, техникалық 14, ауылшаруашылығы 9, ветеринария 2 мамандық бойынша талапкерлер қабылдауда. Мамандықтардың жалпы саны 40-қа жуықтайды. Жобаға қатысушы әрбір талапкерлерге барлық әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, студенттер үшін барлық материалдық-техникалық базамен толықтай жабдықталған», - деді Б.Нарбекова.
Аталған жоба аясында облысымыздағы «Жастар ресурстық орталықтары» ауылдық жерлердегі 800-ге жуық жалпы білім беретін мектептердегі бітіруші түлектермен кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде педагогикалық мамандықтар бойынша 12 жоғары оқу орынына, техникалық, ауылшаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша 22 жоғары оқу орындарына 8 мыңға жуық талапкерлерден құжаттар қабылданып, ұлттық тестілеу орталығына жолданған.
«Еліміздегі «Серпін-2050» жобасы тегін білім алуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның саяси маңыздылығын аудан, қала басшылары жақсы түсініп, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруы қажет. «Серпін -2050» жобасы мен халықты солтүстікке өз еркімен көшіру бағдарламасын біріктіру мәселесін ойластырған жөн. Ол үшін мониторинг жұмыстарын жандандырып, нақты ұсыныстар әзірленсін», - деді Жансейіт Түймебаев.
Жиынды қорытындылыған өңір басшысы оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған отбасылардың балаларын да «Серпін» жобасымен білім алуына ықпал етіп, жұмыспен қамту мәселесін назарға алуды тапсырды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда