- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада тұрмысы төмен, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі
Астанада тұрмысы төмен, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі
«Акция барысында оқымайтын балаларды анықтауға, сабаққа бармаудың алдын алуға, аз қамсыздандырылған отбасылар мен балаларды қамқорлыққа алуға баса назар аударылады. Акцияны дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді: рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады, тұрмысы төмен отбасыларды аралау, «Қамқорлық» акциясы телефонының ыстық желі қызметін жолға қою және ата-аналарды акцияға тарту. Аталған акция жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, материалдық табысы төмен отбасыларда тұратын балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамды қайырымдылық көмек көрсетуге тартуға, сонымен қатар, мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету және жаппай оқу мәселесін шешуде қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, акция тұрмысы төмен, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан, жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау, сондай-ақ, балалардың сабаққа әлеуметтік себептермен (киім-кешектің, аяқ киімнің, мектепке қажетті жабдықтардың болмауы) қатыспауының алдын алу болып табылады.
Іс-шараның басты міндеті - мектеп жасындағы әр баланың тегін орта білім алу конституциялық құқығын орындау үшін барлық жағдай жасау.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды