- Басты
- Жаңалықтар
- «Жастарға инвестиция» конференциясы Астанада өтеді
«Жастарға инвестиция» конференциясы Астанада өтеді
ҚР ЕХӘҚМ хабарлауынша, қос тараптың кездесуі барысында Азия елдерінің әлеуметтік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселесі қаралып, Қазақстан мен Азия елдері арасындағы күнтәртібінде тұрған әлеуметтік басымдықтар жайы таразыланды.
«Шетелдік әріптестермен кездесулердің тиімділігі сол, әлеуметтік түйткілдер мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, бірлесе қимылдаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі пайда болады. Бүгін Ссздермен де нақты келісімдер жасау ықтималдылығын талқылауға әзірміз», - деді өз сөзінде Тамара Дүйсенова.
Өз кезегінде, Кейдзо Такеми «Жастарға инвестиция» конференциясын Қазақстанда өткізгісі келетінін жеткізді.
«Қазақстан – өркендеп, өсіп келе жатқан жас мемлекет. Мені елдегі бала туу көрсеткіші таң қалдырды. Осыны ескере келе, біз елордада «Жастарға инвестиция» атты конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Аталған шараға қолдау көрсетіп, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Себебі, жастар - біздің болашағымыз және ертеңгі еңбек нарығын еселей түсетін алтын қор», - деді Такеми мырза.
Атап өтер болсақ, Халықты қоныстандыру мен дамыту мәселесіне арналған парламентшілердің азиялық форумы БҰҰ бастамасымен 1981 жылы құрылған. Форум хатшылығы Бангкокта (Таиланд) орналасқан. Бүгінде Қазақстанда, Австралияда, Ауғанстанда, Бангладеш пен Бутанеде, Вьетнам және тағы басқа Азия елдерінде қоныстандыру мен дамыту мәселелері бойынша іс жүргізетін өкілдіктері бар 29 ұлттық комитет жұмыс істейді.
Аталған ұйымның басты мақсаты – Азия елдерінің әлеуетін арттырып, халықты қоныстандыру, ұрпақ жаңғырту, Азия-Тынық мұхит аймағында отбасы мәселелеріне ұлттық парламент депутаттарын назарын аударту. Осы мақсатта, форум өкілдері аталған аймақтарда зерттеулер жүргізіп, нәтижелеріне сәйкес мәселенің шешу жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ, халықты қоныстандыру мен оны дамыту мәселелері бойынша түрлі аймақтық және ұлттық семинарлар, конференциялар ұйымдастырады.
Қос тарап ынтымақтастық аясында бірлесе Астана қаласында бірінші «Жастарға инвестиция» конференциясын өткізуге уағдаласты.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді -
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді