Азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға төмендеді

19 Қыркүйек, 2017 10:47
Қазақстанда инфляция 2017 жылғы тамызда 0,1%-ды құрады (жыл басынан бергі кезеңде – 3,9%, жылдық мәнде – 7%).

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, азық-түлік емес тауарлардың және ақылы қызметтердің бағасы бір айда 0,7%-ға өсті, азық-түлік тауарларына 0,9%-ға төмендеді.

Азық түлік тауарлары бағасының 0,9%-ға төмендеуі инфляцияның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуіне үлес қосты. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің 9,2%-ға маусымдық арзандауымен байланысты. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,4%-ға, жаңа піскен көкөністерге 13,2%-ға, картоп 20,4%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, құмшекер бағасының 2,2%-ға, қарақұмық жармасының 2,9%-ға, жұмыртқаның 1,5%-ға төмендегендігі байқалады. Баға төмендеуінің себебі нарықтағы осы өнімдердің профицитіне байланысты.

Статистика деректеріне қарағанда, жыл басында 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1%-ды құрады.

Сонымен бірге, а.ж. тамызда жекелеген азық-түлік бағасының: шұжықтың 1,4%-ға, құс етінің 1,2%-ға, сиыр және  шошқа етінің 1,1%-ға, жылқы және қой етінің 0,4%-ға артқаны байқалды. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2%-ға, алкогольді ішімдіктер 1%-ға өсті.

Барлық жаңалықтар