• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы құрылыс сұрақтары бойынша жеке министрлікті құруды ұсынуда

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы құрылыс сұрақтары бойынша жеке министрлікті құруды ұсынуда

9 Қаңтар, 2014 11:26
8 қаңтар күні жұмыс отырысы кезінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы және «Мемсараптау» РМБ ұйымдастырған бас қосуда ТКШ өзекті сұрақтары талқыланды, деп Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кәсіпкерлер құрылыс саласын дамыту бойынша бірқатар идеяларды ұсынды: олар ҚНТ тәртіптері мен тапсырыстың 30 пайызын құрайтын алдын ала төлемді енгізу сынды жағдайларды қарастырды, сондай-ақ, құрылыс сұрақтары бойынша жеке министрлікті құру да алға тартылды», - делінген хабарламада.

Жұмыс тобының қатысушылары құрылыс материалдарын өндіру, жобалық-сметалық жұмыстарды жүргізу, білікті мамандардың тапшылығы сынды өзекті сұрақтарды талқылады.

Шараға жетекші құрылыс  ұйымдарының өкілдері: Құрылысшылар қауымдастығының директоры Манарбек Еспенбетов, «Қызылорда кірпіш зауыты» ЖШС Данияр Жанзақов, «Тартоғай кірпіш зауыты» ЖШС директоры Серік Қыдырәли, «Қызылорда ҚМӨ» директоры Темірхан Әлімқұлов, сондай-ақ, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дархан Мырзалиев пен Арман Бимағанбетов. 

Барлық жаңалықтар