- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд теңгеге жетеді
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд теңгеге жетеді
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аталмыз көрсеткіш 0,2 пайызға артқан. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 353,0 млрд. теңгені құрап, 2,4 пайызға өсіп отыр. Жылдың қорытындысымен кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 200 млрд. теңгені құраған.
«Облысымызда жеңіл өнеркәсіп – 5,2 пайызға, машина жасау – 32,7, химиялық өнеркәсіп – 17,3, металлургия – 17,0, өзге металл емес минералдық өнімдер – 14,8, фармацевтикалық өнімдер – 12,1, тамақ өнімдерін өндіру – 8,4 пайызға артып отыр. Жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 570 млрд. теңгені құрайды деген жоспар бар», - деді Арман Сәбитұлы.
Атап өтер болсақ, биыл облысқа 266,0 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,8 пайызға артқан. Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 257,4 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығында мал басының саны орташа есеппен 5,5 пайызға көбейген. Сондай-ақ, ет өндірісі – 5,1, сүт - 2,0, жұмыртқа – 9,1 пайызға өскен.
Алқа мәжәләсә барысында облыс әкімі жоғарыда аталған салалар бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен аудан, қала басшыларының жұмысын жандандыру қажеттігін ескертті.
«Сыртқы инвестиция тартуды жандандыру қажет. Сонымен қатар басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері 2017 жылға жоспарланған индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етіп, индикаторлардың орындалуы туралы ақпаратты ай қорытындысымен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынуды тапсырамын», - деді Жансейіт Түймебаев.
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, мәжіліс барысында облыстық бюджеттің игерілу барысы да талқыланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері