- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан стандарттар саны бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындады – ҚР ИДМ
Қазақстан стандарттар саны бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындады – ҚР ИДМ
ҚР ИДМ мәліметі бойынша, қабылданған бағдарламалық құжаттар экспортты дамыту, инвестиция тарту, салаларды жаңғырту мен экономиканы сандық нысанға айналдыру міндеттерін алға қояды.
Бұдан басқа, қазіргі қолданыстағы стандарттар саны бойынша (31 мың) Қазақстанның қолданысында 30-35 мың стандарты бар дамыған елдер деңгейіне жуықтағаны айтылды. Стандарттаудың болашағына келсек, алға қойылған мақсаттарға жету үшін «Стандарттау туралы» Заңын қабылдап іске асыру керек. Барлық мүдделі тұлғаларды бір жерге біріктіріп, стандарттауды әрі қарай қалыптастырып дамыту мәселесімен тығыз айналысатын кәсіби алаң құру маңызды, деді баяндамашы. Заң жобасының құрамында мынадай тұжырымдамалар бар: стандарттауды мемлекеттік реттеудің жеке саласына шығару; ұлттық стандарттау жүйесін нақты заңнамалық бекіту; стандарттау бойынша барлық процестерді үйлестіруі керек кәсіби оператор ретінде Ұлттық стандарттау органын анықтау; салалар бойынша барлық мүдделі тараптар мамандарын біріктіретін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер рөлін күшейту.
Сондай-ақ брифингте халық арасында және бизнес-қоғамдастықта стандарттардың сұранысқа ие екендігі айтылды.
Қайрат Кәрібжанов Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры мен «Бір терезеден» әр мүдделі тұлға кез келген техникалық құжатты жылдам және жеңіл ала алатын Интернет-дүкен онлайн-ресурстың ашылғаны туралы айтып өтті.
Халықаралық экономикалық қоғамдастыққа бірігу мәселесі де сырт қалған жоқ. Институт құрамында Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Ол отандық экспорттаушыларды ДСҰ мүше елдердің техникалық регламенттері мен стандарттарының жобасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ел бизнесінде аталған құжаттарды қарастыру және өз ескертулерін жолдау мүмкіндігі бар. Институт міндеті – аталған ескертулерді ДСҰ мүше елдерге жеткізу және оларды ДСҰ саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеталаңында қорғап қалу. Бұл экспорт кезінде техникалық кедергілерді болдырмауға бағытталған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»