- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Токионы ядролық қарусыздану ісінде ортақ ұстанымдар байланыстырады - Н.Нығматулин
Астана мен Токионы ядролық қарусыздану ісінде ортақ ұстанымдар байланыстырады - Н.Нығматулин
Мәжіліс спикері Н. Нығматулин атап өткендей, Жапониямен жан-жақты қатынасты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі. Биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде Астана мен Токио бір-біріне тығыз қолдау көрсете отырып, ортақ мақсаттар жолында сенімді әріптестер болып келеді. Мәжіліс Төрағасының айтуынша ядролық қарусыздану және таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану басқа да халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымы өте жақын.
Сонымен қатар, палата спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Жапонияға ресми сапары бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізгенін атап өтті.
Өз кезегінде мәртебелі мейман Жапонияда Қазақстан Президентінің ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалайтынын және Президенттің халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша маңызды қадамдарына алғысын білдірді.
Н. Нығматулин халықтың қоныстануы және дамуы мәселесі бойынша парламентшілердің жұмысын ынталандыру мен алға жылжыту бойынша форумның ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанын алға тарта келіп, біздің депутаттардың алдағы уақытта да ХДПАФ аясында әріптестермен белсенді іс-қимыл жасауға дайын екендігін білдірді.
Кездесу барысында тараптар барлық бағыт бойынша байланысты тереңдету жайын сөз етіп, соның ішінде, «Нұр Отан» парламенттік фракциясы және Либералды-демократиялық партиясы, бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтар арқылы парламентаралық әріптестікті нығайтудың қажеттілігін атап өтті.
Мәжіліс Төрағасы К. Такеми мырзаның сапары біздің елдеріміздің екіжақты қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады