- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Жігер – 2017» республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті
Ақтөбеде «Жігер – 2017» республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті
«Жігер – 2017» әскери-патриоттық жиынының мақсаты жастардың Отанға қызмет ету мен оны қорғау идеясын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған әскери-патриоттық қозғалысты дамыту болып табылады.
Іс-шараға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, «Жас сарбаз» республикалық штабының төрағасы генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Бас әскери прокуратура басшылығы, әскери-патриоттық клубтардың басшылары, АӘД оқытушылары мен студенттер қатысты.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 80 қатысу үшін әртүрлі семинарлар, тренингтер, спорттық жарыстар өткізілді.
«Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болады. Және біз соңғы уақытта бұл жұмысты жандандырдық. Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасы мен Қауіпсіздік Кеңесі отырысының хаттамасын орындау мақсатында қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі елімізде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы мен оны іске асыру жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
«Жігер» лагерінің жұмысы аясында әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК-ның арнайы ұйымдастырған әскери үшсайыс, әскери-спорттық кешеннің көпсайысы, әскерилендірілген эстафета және шағын футболдан спорттық іс-шараларға қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әскери-патриоттық жұмысты әрі қарай жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстары мен ұсынымдарын енгізді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер