- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйіне барды
Елбасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйіне барды
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен әңгімелесті.
«Мен сіздерге Өзбекстан мен Түрікменстанға сапарларымнан соң келіп отырмын. Біздің кездесулеріміз бен уағдаластықтарымыздың нәтижесінде осыған дейін болған кедергілердің барлығы алынып тасталды. Бүгінде жақын көршілерімізбен тиімді ынтымақтасу үшін барлық жағдай жасалған», – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының өзекті тұстарына ерекше тоқталды.
«Санамызды жаңғырту – қоғам үшін қай кездегіден өткір мәселе болып тұр. Ақпараттық-цифрлық заманда бір орында тұруға болмайды, бүгінгі талаптар мен жағдайға сәйкес жетіліп, өзгеріп отыру қажет. Адамдармен бірге бүкіл қоғам да бәсекеге қабілетті болуға тиіс», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігіне және мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығына назар аударды.
«Мен тұрақтылық пен халқымыздың бірлігі дамуымыздың кепілі болып саналатынын әрдайым айтып жүремін. Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн. Тіл халқымызды одан әрі біріктіру үшін жетелеуге тиіс», – деп қорытындылады Қазақстан Президенті.
Соңында Елбасы «Көне Тараз» тарихи-археологиялық саябағының аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттарды көрді.
Айта кетерлік жайт, бүгінде «Достық үйінде» 175 қоғамдық келісім кеңесі, 27 аналар кеңесі, 12 ақсақалдар кеңесі, 12 медиация кабинеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ, қол өнер шеберлерінің клубы және «Ақ желкен» жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады -
Әлеуметтік желіде отандық әншілер Елбасыға денсаулық тілеп, жақсы көретінін жеткізді -
Азат Перуашев елбасына денсаулық тіледі -
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі