Қазақстан мен Иран ынтымақтастықты дамыту келешегі туралы талқылауда

9 Қаңтар, 2014 11:20
Бүгін Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысы өтуде, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күн тәртібінде жұмыс тобының алдыңғы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ сауда мен экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау болады», - делінген хабарламада.

Мәселе Қазақстан мен Иран арасындағы өнеркәсіп және тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп, көлік және логистика, туризм мен мәдениет  салаларындағы ынтымақтастық туралы болып отыр,-деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қайрат Төребаев.

Қазақстандық жақтың тең төрағасы  ретінде- ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысса, Ираннан - Иран Ислам Республикасы Өнеркәсіп, тау-кен ісі және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Валиолла Афхами болды.

Кездесу соңында Қазақстан-Иран жұмыс тобының 3-ші отырысының Хаттамасына қол қойылады деп жоспарлануда.

 

 

 

Барлық жаңалықтар