- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетаудағы тіс емханасы заманауи технологиялармен жетілдірілуде
Көкшетаудағы тіс емханасы заманауи технологиялармен жетілдірілуде
Көп жылдар бойы Мақсат Төтебаев облыстағы жалғыз ортодонт дәрігер болды. Ол өз стоматологиялық кабинетінде тек ортодонтия, тіс қатарын түзету, тістің дұрыс орналасуы, басқа да деформациялармен айналысады. Араға он жыл салып өз қызымет аясын кеңейтуге шешім қабылдап, 2015 жылы өзінің «Dental Clinic by М. Төтебаев» атты стоматологиялық клиникасын ашты.
Мақсат Уәлиханұлы озық технологияларды және стоматологияға арналған материалдарды қатал бақылауда, сондықтан биыл 3D-функциясымен реттелген рентген сандық аппаратты сатып алуды ұйғарды. Жаңа жабдық тістердің қалпына келтіруіне дұрыс және нақты моделін оңай құруға, радиациялық дозаның ең аз мөлшерінде суреттерді жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар проблемалы науқастарда ерекше бейне сапасын алады.
«Қолма-қол ақша алу үшін мен Kassa Nova АҚ жүгіндім, олар маған қолдау жасады, бірақ несиені қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепілдемем болмады»,- дейді кәсіпкер.
Содан соң Мақсат Төтебаев «Даму» Қорының 10 миллион теңге көлеміндегі кепілдігін пайдаланады. Жақын арада жаңа техникамен жаңа кабинет жұмыс істей бастайды.
Бүгінгі күні стоматологияда өзіндей кәсіби тәжірибесі мол қызыметкерлер жұмыс істейді Клиника ортодонтия саласында ғана қызмет көрсетпей, ересектер мен балаларға терапия, ортопедия саласында да қызмет етеді. Күніне клиника шамамен 35 пациент қабылдайды, оның ішіндегі 60 пайызы ортодонтия кызыметіне мұқтаж адамдар.
Өз абыройы үшін жұмыс істейтін дәрігер ретінде Мақсат Төтебаев бизнестің ең басты мақсаты - өзін-өзі дамыту, деп есептейді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер -
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды -
Президент жолдауы – жыл жетістіктері -
Ауыл әйелдері форумы: Жетістікке жеткен әйелдер тәжірибесімен бөлісті -
Бердібек Сапарбаев: Медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі сезіліп жатыр -
Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті