- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жапонияның 100 заманауи дизайны» көрмесі өтуде
Астанада «Жапонияның 100 заманауи дизайны» көрмесі өтуде
Көрмеде жапон халқының күнделікті өмірде қолданатын 100 түпнұсқа тұрмыстық және интерьер бұйымдары ұсынылды.
Көрменің негізгі бөлігі 2010 жылдан кейін жасалған 89 экспонаттан тұрады. Сондай-ақ, жапон дизайнының негізіне айналған соғыстан кейінгі заманауи 11 дизайн көрмеге қойылды.
«Бұл жылжымалы көрме алғаш рет 2003 жылдан бастап көрсетіле бастады. Бүкіл әлемді аралады деуге болады. Мұндағы экспонаттар кеңінен таныстырылып, жақсы нәтижеге жетті. Көрме қоры тағы да толықтырылып, 2014 жылы АҚШ елдерінен бастап қайтадан көрсетіліп келеді. Биыл Жапон мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толды. Мұндай байланыс екі елдің өзара ынтымақтастығын әлді де нығайта түсетініне сенемін», - деді ҚР-дағы Жапония елшілігінің төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата көрменің ашылуында.
Өз кезегінде, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Марал Балтышев, Жапон елі дамыған елдердің қатарында екені баршаға белгілі екенін атап өтті.
«Жапонның үнемі жаңартылып отыратын озық технологиясы мен бай мәдениетінен хабардармыз. Бұл көрме барысында жапон халқының тұрмыс заттарымен таныса аласыздар», - деді ол.
Шараның ашылу салтанатына музей қызметкерлері, шетелдік қонақтар және Қазақстанның қоғам қайраткерлері қатысты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды