- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте бірегей бокс орталығы ашылады
Шымкентте бірегей бокс орталығы ашылады
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық N5 бокс спорт мектебінің құрылыс алаңын аралады.
Бүгінгі таңда жаңа ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Спорт мектебінің 2 қабатты әкімшілік ғимараты мен 210 орынды жаңа спорт залы пайда болды.
«Бұл - бірегей жоба. Мұндай орталық Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ. Иә, залдар бар, жарысқа арналған орындар бар, дегенмен, алғаш болып біздің қаламызда тұтас кешен соғылып отыр. Енді біздің мектебімізде халықаралық оқу жиындарын да өткізуге болады. Барлық жағдай жасалған», - деді қалалық N5 бокс спорты мектебінің директоры Заңғар Қасқаев.
Жоспарда - өзге аймақтардан келетін спортшылар үшін жатақхана салу.
Бокс мектебінің ескі ғимараты да жөнделуде, мектептің жарықтандырылуы да өз дәрежесінде болмақ.
Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясының атқару бюросы 2017 ж. ерлер арасындағы ел чемпионатын өткізуге өтініштерді қарай келе бұл құқықты бірауыздан Шымкентке беріп отыр.
Чемпионат 6-12 қараша аралығында Шымкентте өтеді деп хабарлайды ҚБФ сайты. Бұған дейін бұл жарысты дәстүрлі түрде жеңіл атлетика манежінде өткізу жоспарланған еді. Дегенмен, бокс орталығы қонақтарды кәсіби деңгейде қабылдауға дайын болғандықтан, ел чемпионаты бокс мектебінің жаңа ғимаратында өтуі мүмкін. ОҚО бокс федерациясының өкілдері орталықтың мүмкіндіктерін бағалап үлгерді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай