- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Өзбекстандағы көрмеде eGov жобаларын ұсынды
Қазақстан Өзбекстандағы көрмеде eGov жобаларын ұсынды
еGov стендін таныстыру барысында «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жарқынбек Азаматов электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бастап жұмыс жасай бастағанын айтты. Бүгінгі күнде eGov.kz арқылы азаматтарға 700-ден астам қызмет пен сервистер көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, егер бұрын жас бизнесмендерге жеке ісін тіркеу 30 күн күту керек болса, бүгін eGov.kz заңды тұлғаны тіркеуді небәрі бір сағатта жүзеге асырады. Бизнес үшін 44 онлайн қызмет қолжетімді. БҰҰ рейтингіне сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту көрсеткіші бойынша 33 орында орналасқан.
«Азаматтарға электрондық қызметтерді көрсету процесі жыл сайын жеңілдеп келеді. Қазіргі уақытта ХҚКО қызмет көрсетудің жаңа форматына көшуде. Олардың бірі халықтың тікелей қатысуынсыз қоғамдық пункттер арқылы қызмет көрсету болып табылады. Электрондық үкіметті дамыту жұмыстары барлық мемлекеттік көрсетілетін электрондық қызметтерді онлайн режимде көрсетіп, халықпен проактивті жұмыс істеудің арқасында мемлекет пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуға себеп болады» - деді Ж.Азаматов.
Өзбек-қазақ бизнес-форумы мен Қазақстанның ұлттық өндіріс көрмесі Ташкентте қыркүйектің 15-17 аралығында өтуде екенін есіңізге саламыз. Қазақстан тарапынан ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстаннның сыртқы сауда палатасы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ болып табылады. Іс-шарада Өзбекстан және Қазақстаннан 70-тен аса компаниялардың өкілдері қатысуда.
Атап өтер болсақ, Ташкентте өзбек-қазақ бизнес-форумы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев eGov электрондық үкіметтің жобаларының жұмысымен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы