- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да инвесторлар күн электр стансасын салады
ОҚО-да инвесторлар күн электр стансасын салады
Басқосуда тараптар облыстағы қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр стансасын салу мәселесін талқылады. Жоспарға сәйкес, күн электр стансасы Отырар ауданының аумағында салынбақ. Бір жылдың 300 күні сәулелі болатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи климаттық жағдайды ескеріп отырған кәсіпкерлер аталған жобаға 200 млн АҚШ долларын жұмсауға ниетті.
«Біз алдағы қазан айында құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Станцияны іске қосып болғаннан соң, электромобильдерді құрастыру жұмыстарын бастайтын боламыз. Тоқпен жүретін мотоциклдердің құрал-жабдықтарын әзірге Қытайдан тасымалдап, осында құрастыру жоспарда бар. Егер жоспарымыз сәтті іске асып жатса, жеңіл көлік пен қоғамдық көліктерді де осында құрастыру ойымызда бар», - деді Ге Дженсон мырза.
Бір қуанарлығы, күн электр стансасы жобасын жүзеге асыруға жергілікті жас мамандар тартылмақ. Қытай кәсіпкерлерінің айтуынша, күн электр стансасының құрылысына қатысатын жас энергетиктер болашақта оны қосуда қиналмайтын болады.
Инвесторлардың бұл ұсынысына қолдау білдірген өңір басшысы жергілікті билік тарапынан жер телімі бөлініп, қосымша жеңілдіктер қарастырылатынын жеткізді.
«Жобаларыңыз көңілге қонымды. Өйткені, біздің өңірдің табиғаты күн сәулесінен электр жарығын өндіруге өте қолайлы. Сондықтан екі тарапқа да тиімді жобаны тездетіп іске асыру қажет. Қажетті жер телімін бөліп беріп, қажетті қолдауларды көрсетуге әзірміз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Қытайлық кәсіпкерлер мұнан бөлек, электропанельдер шығару ісіне де мүдделі болып отыр. Бұл ретте олар еліміздің «Жасыл экономикалық» ұстанымына қолдау білдіретін болады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы