- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан арасында экономиканың барлық саласы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік байқалуда
Қазақстан мен Өзбекстан арасында экономиканың барлық саласы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік байқалуда
Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы ризашылығын білдіріп, барша Қазақстан халқына деген зор құрметін танытты.
«Осы жылды екі елдің қарым-қатынасындағы тарихи жыл деп айтуға толық негіз бар. Мемлекеттеріміз арасында экономиканың барлық саласы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік байқалуда. Бұл – біздің алтыншы кездесуіміз. Ол бауырлас екі ел арасындағы достық ниетке негізделген», – деді Өзбекстан Президенті.
Шавкат Мирзиёев Қазақстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін және Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін жоғары деңгейде өткізуі Нұрсұлтан Назарбаевтың биік беделінің арқасында жүзеге асырылғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті өзбек көшбасшысына сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ оны одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор екенін айтты.
«Сіз аз уақыт ішінде екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға зор үлес қостыңыз. Осы кездесулеріміздің арқасында көптеген түйткілді мәселелерді шеше алдық. Біздің тіліміз, мәдениетіміз, дініміз ортақ. Сондықтан, бізде тығыз ынтымақтасудан басқа жол жоқ. Өзара іс-қимылымыз тиімді болу үшін нақты істерді қолға алып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның өңірде маңызды рөл атқаратынына ерекше тоқталып, Шавкат Мирзиёевтің екі елдің іскерлік ынтымақтастығын жандандыруға айрықша үлес қосқанын атап өтті.
«Сіз Президент лауазымындағы бір жыл ішінде көп жұмыс атқардыңыз. Сіздің валюталық реттеу, шекараны ашу, бизнесті дамыту үшін жағдай жасау жөнінде қабылдаған шешімдеріңізді тарихи шешімдер деп атауға болады. Біздің іскерлік қарым-қатынастарымыз өзара тиімді жағдайларға негізделуге тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, әскери-өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды