- Басты
- «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары сыйлыққа микроавтобус алды
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары сыйлыққа микроавтобус алды

Іс-шараны ашқан Гүлшара Әбдіқалықова марапаттау рәсіміне қатысушыларға арналған Қазақстан Президентінің құттықтау сөзін оқып берді.
«Отбасы қай заманда да салауатты қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда қазақстандық тату отбасында патриотизм, еңбексүйгіштік, жаңа қоғам құру құндылықтарымен тәрбиеленген тұтас буын өсіп-жетілді. Олар – білімге құштар, бәсекеге қабілетті, жаңа әлем мен инновацияларға ашық Үшінші жаңғыруды жүзеге асырушылар», – деп атап өтілген құттықтауда.
Салтанатты іс-шара аясында Мемлекеттік хатшы соңғы кезеңге өткен әрбір отбасыға диплом және тұрмыстық техника сатып алуға арналған 300 мың теңгелік сертификат табыс етті.
Қыркүйектің 7-15 аралығында өткізілген конкурстың соңғы турында sms/интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасы анықталды. Қарағанды облысынан Куриленколар отбасы 2017 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атанды. Отбасының отағасы – Ұлы Отан соғысының ардагері, 45 жыл Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында слесарь, шебер, учаске бастығы болып жұмыс істеген. Ол «Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Георгий Жуков» медальдарымен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ерлі-зайыпты Куриленколар 66 жыл отасқан, олар 5 бала, 10 немере, 7 шөбере сүйіп отыр. Балалары мен немерелері ел экономикасының түрлі салаларында табысты еңбек етуде.
Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға салтанатты түрде естелік мүсінше мен шағын автобустың кілтін тапсырды.
Марапаттау рәсімі Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.
Айта кетерлік жайт, конкурс отбасы беделін нығайтуға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, кішіге қамқорлық және үлкенге құрмет көрсетуге негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған.
Биыл Конкурсқа 2879 отбасы қатысты, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға артық (2016 жылы – 2579 отбасы). Қатысушылардың 36,2%-ы (1041 отбасы) көп балалы отбасылар (2016 жылы – 1065 отбасы). Сонымен қатар, былтырмен салыстырғанда, бір мамандықты таңдаған әулеттердің өкілдерінен құралған отбасылардың саны 6,8%-ға (2016 жылы – 483 отбасы, 2017 жылы – 516 отбасы) және іріктеу турларына қатысқан жас отбасылардың саны 6%-ға ұлғайды (2016 жылы – 472 отбасы, 2017 жылы – 500 отбасы).Байқауға 20 этнос пен 27 интернационалдық отбасы қатысқан.
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты
-
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
«Antikor Live»: Жыл басынан бері 28 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды – тергеуші
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды
-
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды"
-
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

