Қазақстан Президенті Ташкентке келді

16 Қыркүйек, 2017 12:28
Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентке мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ел астанасының әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды.

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар