- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда битум өндірісі бойынша зауыт жаңғыртылуда
Оңтүстік Қазақстанда битум өндірісі бойынша зауыт жаңғыртылуда
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен хабарлағандай, Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл - Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі.
«Битумдық материалдардың жоғары сапасы мен логистикалық артықшылықтарына орай, «Газпром нефть» ЖШС-і жұмыс істеген 5 жыл ішінде Қазақстан нарығында танымал ойыншыға айналды. Өзіміздің Ресей алаңдарында битумдық материалдардың технологияларын әзірлеу мен өндіруде көпжылдық табысты тәжірибеге ие бола отырып, біз Қазақстанда активтерді тиімді басқару үшін үздік жетістіктерді белсенді қолданып келеміз. Жоғары сапалы битумды өндірумен қатар, орап-түю торабын дамыту бізге шалғай орналасуына қарамай, Қазақстан мен оған жақын орналасқан елдерде тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді «Газпром нефть» ЖШС дирекциясының коммерциялық директоры Леван Кадагидзе.
Айта кету керек, зауыт өткен 2016 жылмен салыстырғанда, тәуліктік өнімділікті 30 пайызға ұлғайтып, оның көлемі 700 тонна тұтқыр затқа жетті. 2017 жылдың нәтижесі бойынша зауыт жұмысшылары 200 мың тонна битумдық материал өндіруді жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда битумдық өнімді тұтынудың жыл сайынғы көлемі – 550-650 мың тоннаға жуық.
Бұл Қазақстанда битумдық зауыттың технологиялық процестерін жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оны іске асыру Қазақстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда және басқа елдерде контрагенттерді қамтамасыз ету үшін жылына қосымша 15 мың тонна өнімді орап-түюді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зауыттың географиялық орналасуы қазақ жол-құрылыс саласы үшін, сондай-ақ шетелдік тұтынушылар үшін битумдық материалдарды жөнелтуге мүмкіндік береді.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады