- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет басшысы Атырау облысындағы балық өсіру кәсіпорындарын жаңғырту перспективаларын бағалады
Үкімет басшысы Атырау облысындағы балық өсіру кәсіпорындарын жаңғырту перспективаларын бағалады
ҚР Премьер-Министрі өндірістік кешен ғимаратын аралап, тұйық сумен қамту жүйесінде бекіре тұқымдас балықтарды өсіру процесімен танысты, сондай-ақ инкубациялық цех пен балықты қыста ұстау залын қарап шықты. Балық өсіру кешенінің директоры Асқар Таубаев Бақытжан Сағынтаевқа кәсіпорынның ағымдағы қызметі мен осы жерде өндірісті жаңғыртуды жүргізу перспективалары туралы мәлімет берді.
2014 жылдан бастап жұмыс жасайтын «Caspian Royal Fish» ЖШС балық өсіру кешені жасанды өсірумен және бекіре тұқымдас тауарлық балықты қайта өңдеумен, сондай-ақ ас уылдырығын өндірумен айналысады.
Өзінің қалыптасу кезеңінде кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдауға екі мәрте жүгінді: құрал-жабдықтар сатып алуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы несиелендіру аясында, және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесін кемінде 50% қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты ҚР Үкіметі бизнес үшін барлық шығындардың түрлерін және мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту мен бизнесті қолдаудың бірқатар құралдарын қамтыған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр