2013 жылғы желтоқсанда Астана қаласы бойынша инфляция 0,8%-ды құрады

9 Қаңтар, 2014 10:41
Азық-түлік тауарлары желтоқсанда - 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 1,2%-ға, ақылы қызметтер - 0,3%-ға қымбаттады. Бұл туралы қаланың статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылғы желтоқсанда жемістер мен көкеністер бағасы - 2,8%-ға,  жұмыртқа - 2,7%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,1%-ға, алкогольді сусындар мен темекі өнімдері - 1,5%-ға, сүт өнімдері - 0,8%-ға, нан және жарма өнімдері - 0,6%-ға, ет - 0,5%-ға,  алкогольсіз сусындар - 0,4%-ға өсті. Сонымен қатар, қанттын бағасы - 4,2%-ға, өсімдік майы - 0,3%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.

Нан және жарма өнімдері тобынан жарма - 2,7%-ға, макарон өнімдері - 2,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 0,7%-ға қымбаттады. Көкөністер тобында қияр - 16,4%-ға, қызанақ - 6,7%-ға, қызылша, картоп - 4,7%-ға, басты пияз - 4,0%-ға жоғарылап, ал сәбіз - 1,6%-ға, ақ қауданды қырықкабат - 0,9%-ға арзандады.

Телефондық и факсимильное жабдықтар - 2,4%-ға, тұрмыстық құралдар - 1,9%-ға, киім және  аяқ киім - 1,7%-ға, фармацевтикалық өнім - 1,3%-ға қымбаттады. Қатты отынның бағасы - 0,7%-ға өсті.

Негізгі тұрғын үйді жалдау үшін накты жалға алу құны - 7,9%-ға , фотографтардың қызметі - 1,1%-ға, денсаулық сақтау - 0,8%-ға өсті.

Барлық жаңалықтар